menu

Menu

Deepsea Deepsea

2024 жылғы жаңа сағаттар

Rolex Deepsea
Тереңдікке жарық беру

Асыл және техникалық. Салтанатты және инновациялық. Қараңғы тұңғиыққа арналған көрнекті сағат. Rolex Oyster Perpetual Rolex Deepsea моделінің мұхит тереңдігінде жарқырауға арналған түпнұсқа нұсқасын ұсынады.

Бұл Youtube бейнесін көрсету үшін сіздің келісіміңіз қажет

Қабылдау

Бұл сүңгуірлер сағаты 18-караттық сары алтынмен алғаш рет ұсынылған және көк керамикадан жасалған 60 минуттық етіп ойылған Cerachrom безелінің тегерігі және сары түсте ұнтақталған «DEEPSEA» жазуы бар көк лакпен сырланған циферблатымен ерекшеленеді.

Бұл жаңа нұсқа техникалық инновацияны да қамтиды: Ringlock жүйесіндегі жоғары өнімді компрессиялық сақина көк керамикадан жасалған. Машина жасау дәлдігінің кереметі, бұл Cerachrom сақинасы жаңашыл өндіріс процесінің нәтижесі.

 

Rolex Deepsea сағат жасау технологиясының алдыңғы қатарында тұратын 3235 калибрімен жабдықталған, бұл күн мен айды, сонымен қатар сағаттарды, минуттарды және секундтарды көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Барлық Rolex сағаттары тәрізді, Oyster Perpetual Rolex Deepsea моделі білезікте жоғары өнімділікке кепілдік беретін Superlative Chronometer сертификатымен жабдықталған.

Deepsea Deepsea

Тереңдікке арналған сағат

Rolex Deepsea моделі Rolex-тің инновациялық мүмкіндігін толық көрсетеді. 2008 жылы қолданысқа енгізілген кезде 3900 метр (12800 фут) тереңдікке дейін су өткізбейтін тереңдікке арналған сүңгуір сағаттары Ringlock жүйесін - тереңдікте қысымға төтеп беруге мүмкіндік беретін корпустың бірегей  құрылымын ұсынды.

Deepsea Deepsea

Жақсы оқылады және функционалды

Су астындағы тереңдікте уақытты дәл көру аман қалу мәселесіне жатады. Rolex Deepsea оқылуына үлкен көңіл бөлінді: бұл кәсіби сүңгуір сағаттары ықшам дизайнымен ерекшеленеді және Chromalight дисплейін біріктіреді. Сағат таңбаларының үшбұрыштар, шеңберлер және тіктөртбұрыштар тәрізді қарапайым пішіндері және өлшемі мен пішінін анық ажыратуға болатын тілдері люминесцентті материалмен толтырылған немесе жабындалған, олар  көгілдір жарқыл шығарады. Безелдегі таңбаның үшбұрышты «нөлдік» белгісі бірдей люминесцентті материалы бар енгізілген капсула арқасында қараңғыда көрінеді.

Deepsea Deepsea

Жоғары технологиялық керамика

Rolex тұтас құйылған безельдер мен безель ішпектерін жасауға арналған арнайы керамика жасауда ізашар рөл атқарды. Rolex керамикалық компоненттерді өндіруде оған толық тәуелсіздік беретін эксклюзивті тәжірибе мен инновациялық өндіріс әдістерін дамытты.

 

Rolex Deepsea жаңа нұсқасында бір бағытта айналмалы безель 60 минуттық ойылған көк керамика Cerachrom безелі тегерігімен жабдықталған, бұл сүңгуірлерге су астында уақытты бақылауға мүмкіндік береді. Ringlock жүйесіндегі жоғары өнімді компрессиялық сақина да осы компонент үшін бірінші рет көк керамикадан жасалған. Cerachrom тегерігінің қалыпқа құйылған, ойық таңбалары мен сандары, сондай-ақ сақинадағы оймышталған жазулар сары алтынның жұқа қабатымен PVD (металл буларын конденсациялау) технологиясы арқылы жабындалған.

Deepsea Deepsea

Oyster корпусы және Ringlock жүйесі

Rolex Deepsea моделінің 44 мм Oyster корпусы беріктік пен сенімділік үлгісі және 3900 метр  (12800 фут) тереңдікке дейін судың өтпеуіне кепілдік береді.

 

Rolex Deepsea Rolex дайындап жасаған патенттелген корпус құрылымы Ringlock жүйесін қолданады. Бұл жүйе үш қабаттасқан элементтен тұрады: қос антибликті қаптауы бар қалың, сәл дөңестелген жақұт шыны, су қысымына төтеп беретін жоғары өнімді компрессиялық сақина және RLX титанынан жасалған корпустың артқы қақпағы.

1908 1908
Deepsea Deepsea

Perpetual 3255 калибрі

Rolex Deepsea Perpetual роторы арқылы автоматты түрде құлағынан бұрау жүйесі бар 3255 калибрімен жабдықталған. Бөшке тәріздес құрылымы мен түсіру механизмінің жоғары тиімділігі арқасында, бұл механизмнің қуат қоры шамамен 70 сағатқа дейін жетеді.

Deepsea Deepsea

Oyster білезігі және Oysterlock қауіпсіздік түймелігі

18-караттық сары алтыннан жасалған Rolex Deepsea Oyster білезігімен жабдықталған. Алғаш рет 1930 жылдардың аяғында ұсынылған, бұл үшқатарлы түйіннен тұратын металл білезік өзінің беріктігімен танымал; ол Oyster Perpetual коллекциясындағы ең әмбебап білезік болып саналады.

 

Жаңа Rolex Deepsea моделінің Oyster білезігі кездейсоқта ашылып қалмайтын Oysterlock қауіпсіздік түймелігімен жабдықталған. Сондай-ақ, ол бренд әзірлеген және патенттеген Rolex Glidelock ұзарту жүйесін ұсынады. Бұл басқа құралсыз білезік ұзындығын дәл реттеуге мүмкіндік беретін түймелік қақпағының астында орналасқан өнертапқыш тісті механизм. Сонымен қатар, 18-караттық сары алтыннан жасалған Rolex Deepsea Oyster білезігі білекте икемділігі мен қызмет ету мерзімін жақсарту үшін түйіндер ішінде бренд әзірлеген патенттелген керамикалық ішпектер бар.

Deepsea Deepsea

Өте дәл хронометр сертификациясы

Барлық Rolex сағаттары тәрізді, Oyster PerpetuaRolex Deepsea моделінде Rolex 2015 жылы қайта бекіткен Superlative Chronometer сертификаты бар. Бұл белгі брендтің шеберханаларынан шыққан барлық сағаттардың Rolex өз зертханаларында өз өлшемдеріне сәйкес жүргізілген бірқатар сынақтардан сәтті өткенін растайды және механизмдер Хронометрлерге ресми сынақ жасайтын швейцариялық институтта (COSC) ресми сертификациядан өтеді.

Іздеуді жалғастырыңыз