Біздің Rolex көрме залдары
Біз сіздерді аты әлемге әйгілі Rolex сағатының бутигінде көруге қуаныштымыз. Ұсынылған сағаттардың кең ауқымын керемет әрі үйлесімді интерьер аясында тамашалай аласыздар.
Бутиктің ішкі көрінісі
Бутик кеңістігі ақшыл түсті мәрмәр, табиғи былғары және бағалы жаңғақ ағашы секілді асыл заттармен безендірілген. Қабылдау бөлмесін толқын тәрізді өрнегі бар изумруд әйнекпен және жоғары сұрыпты ағаштардан жасалынған панельмен безендіру, интерьердің айрықша ерекшелігі болып саналады. Бутик стилі талғампаздығымен және ұстамды сәнділігімен ерекшеленеді.
Таза интерьер
Сәнді үстелдермен, былғарыдан жасалынған жайлы креслолар мен дивандармен жабдықталған интерьер, сүйікті сағаттарыңыздың соңғы топтамасымен аса жоғары жайлылықта танысуды қамтамасыз етеді. Сағат тағып көрерде, сіздерге барынша ыңғайлы болу үшін үстелдер мен еденде бірнеше айна орналасқан, сонымен қатар бутиктегі білікті кеңесшілер сізге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Жеке демалыс бөлмелері
Тыныштықты қалайтын сатып алушылар үй кітапханасы үлгісінде жасалынған жеке бөлмелерде сағат таңдай алады. Ол бөлмелер кітап сөрелерімен, былғарыдан жасалынған креслолармен және сәнді үстелдермен жабдықталған.
Rolex бутигінің сыртқы сөрелерінің талғампаз декоры жылына бірнеше рет жаңартылып отырады, бұл интерьерге айрықша стиль береді. Панорамалық витраждар бутик ішіне жарықтың жай таралуын қамтасыз етіп, үйлесімді әрі жағымды атмосфера жасайды.
Бутиктің сертификатталған Rolex
Біздің шеберханамызда сіз қашанда сағаттарыңызды уәкілетті шеберге тапсыра отырып, сатудан кейінгі қызметті пайдалана аласыз.