Rolex Cosmograph Daytona 40 мм, 18-караттық сары алтын, M126508-0003
Баға сұраныс бойынша беріледі
-
СІЛТЕМЕ
126508
-
Модельдің корпусы
Oyster, 40 мм, сары алтын
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
БЕЗЕЛЬ
Бекітілген, оймышталған тахиметрлік межелік, 18-караттық сары алтын
-
ЦИФЕРБЛАТ
Гауһар тастармен көмкерілген ашық қара және алтын жиынтығы
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық хронограф, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
4131, Rolex өндіру зауыты
-
Шамамен 72 сағат
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Ашық қара және алтын циферблат
Бұл модель концентрлік шеңберден тұратын есептегіштері бар ашық қара және алтын, гауһар тас жиынтығымен көмкерілген циферблат, Chromalight дисплейі бар алтын бастырмалы сағат маркерлері және тілдері, жоғары ажыратымдылықты люминесцентті материалмен ерекшеленеді. Орталық секундтық тілі 1/8 секундтың дәл оқылуын қамтамасыз етеді, ал циферблаттағы екі есептегіш өткен уақытты сағатпен және минутпен көрсетеді. Жүргізушілер өздерінің уақытын және әрекеттерін дәл белгілей алады.
Тахиметрлік межелік
Тахиметрлік межелік, үш есептеуіш және түймелермен жабдықталған Cosmograph Daytona моделі нағыз автошабандоздарға арналған құрал. Тахиметрлік межелікпен безель қашықтықтың өлшенген уақыты негізінде орташа жылдамдықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл межелік Cosmograph Daytona моделінде жылдамдықты сағатына 400 бірлікке дейін, километр немесе миль өлшемінде, анықтауға болатын тамаша құрал ретінде оңтайлы оқу ажыратымдылығымен ұсынады.
18-караттық сары алтын
Өзінің ерекше жеке құю өндірісімен, Rolex-те жоғары сапалы 18-караттық алтын қорытпаларын құюдың қайталанбас мүмкіндігі бар. Күміс, мыс, платина немесе палладийдің үлес салмағын қосып, 18-караттық алтынның әр түрлі түрлері алынады: сары, қызғылт немесе ақ. Қоспасыз металдардан алынған алтын қорытпасы компанияның ең соңғы технологиясымен жабдықталған зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Содан соң оның сапасына ерекше назар аудара отырып, одан қажетті бөлшектер жасалады. Rolex бұйымының кемелдікке ұмтылысы өзінің шығу жерінен бастауын алады.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.