menu

Menu

Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE

Rolex Deepsea Challenge 50 мм, RLX титаны RMC: M126067-0002

0

Ұсынылған бөлшек баға, ҚҚС-ты қоса алғанда. Ұсынылған баға кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертіле алады.
Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Rolex кепілдігі

Rolex сағат бұйымдарын дәл және сенімді болуын қамтамасыз ету үшін әр сағатты құрастырғаннан кейін қатаң сынақтардан өткізеді. Rolex ресми дистрибьюторларының бірінен сатып алынған барлық жаңа Rolex сағатттарына бесжылдық халықаралық кепілдік бар. Rolex бұйымын сатып алғанда, Ресми дистрибьютор сағатыңыз түпнұсқа екенін растайтын Rolex кепілдік картасын толтырады және күнін белгілейді.

Жасыл мөр

Барлық Rolex модельдеріне берілетін бес жылдық кепілдік Superlative Chronometer мәртебесінің символы — жасыл мөрмен бекітіледі. Бұл эксклюзивті таңба сағат механизмінің ресми COSC сертификатына қосымша, Rolex зертханаларында арнайы қорытынды бақылаулардан сәтті өткенін растайды.

Rolex сыйлық қорабы

Әр Rolex бұйымын әдемі жасыл сыйлық қорабында жеткізеді, ол оның ішінде орналасқан асыл тасты әрі қорғайды, әрі сақтайды. Сыйлық қорабы — сыйлық берудің символы, сондықтан сыйлық ретінде сатып алсаңыз, оны алушының Rolex бұйымымен алғашқы байланысы ішінде не жатқанын білгісі келу болады.
  • СІЛТЕМЕ

    126067

  • Модельдің корпусы

    Oyster, 50 мм, RLX титаны

  • СУҒА ТӨЗІМДІ

    Суға төзімділігі 11000 метрге / 36090 футқа дейін, гелиийдің шығару клапаны

  • Сағат механизмі

    Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау

  • КАЛИБР

    3230, Rolex өндіру зауыты

  • қуат қоры

    Шамамен 70 сағат

  • Бау

    Oyster, үшқатарлы сом түйіндер

  • ЦИФЕРБЛАТ

    Қою қара

  • СЕРТИФИКАТТАР

    Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)

Брошюраны жүктеп алыңыз

Керамикалық безель және люминесцентті дисплей

Deepsea Challenge моделінің 60 минуттық етіп ойылған, бір бағытта айналмалы безелі сүңгуірлерге сүңгу уақытында және декомпрессиондық тоқтау кезінде уақытты дәл және қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді. Ол Rolex компаниясы шығарған патенттелген қара Cerachrom безелінің дискімен жабдықталған, оның түсі ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшырамайды және іс жүзінде сызатқа төзімді керамикадан жасалған. Таңбаламасы платинаның жұқа қабатымен PVD (Physical Vapor Deposition – металл буларын конденсациялау) технологиясы арқылы жабындалған. Минимализм стилінде жасалған циферблатта Chromalight ірі көрсеткіштері мен таңбалары ерекшеленеді, оған қараңғы кезде керемет көруге болатын ұзақ уақытқа жететін ашық көк жарық люминесцентті материалмен толтырылған.

Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE

Қанық қара циферблат

Циферблаттағы Chromalight люминесцентті индикациясы қараңғыда көру мүмкіншілігін жақсартатын инновацияны ұсынады, әрі бұл сүңгуірлер үшін маңызды функцияның бірі. Сағат таңбалары қарапайым пішімдерден тұрады - үшбұрыштар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар - және сағат пен минуттың кең тілдері су астында шатаспау үшін уақыт көрсеткішін тез әрі сенімді оқуға мүмкіндік береді.

Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE

RLX титаны

RLX титаны жеңілдігі, механикалық беріктігі және коррозияға төзімділігі үшін Rolex таңдаған 5-ші дәрежелі титан қорытпасы. Тұңғиық қысымына сезімтал болмаса да, Джеймс Кэмерон Мариана шұңқырында таққан эксперименталдық сағат 904L болаттан жасалғандықтан салмағына байланысты әлі де тозу беріктігіне қатысты қиындық туғызды. Deepsea Challenge корпусы мен білезігін жасауға RLX титанын пайдалану оның салмағын айтарлықтай жеңілдетті: сағатты жасауға шабыттандырған эксперименталды сағатқа қарағанда ол 30 пайызға жеңіл. Сондай-ақ тәж қорғағышын қоспағанда, сағатта білезік пен корпустағы күңгірт әрленімде ерекше көрінетін өрнек бар. Құлақшалардың иілген профилін көрсету үшін үстіңгі жиектері қиғашталған және жылтыратылған.

Rolex Deepsea Challenge in RLX титаны M126067-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Модельдің қолжетімділігі

Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.

 

Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.

 

ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.

Связаться с нами

Send us a message

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы

Хабар жіберу

Өз хабарыңызды енгізіңіз

Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз

Хабар жіберу

Хабарыңызды енгізіңіз

* Міндетті

Хабар жіберу

Рақмет

Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді

Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы
Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE
Rolex Deepsea және Deepsea Challenge Экстремалды сүңгуірлердің сағаттары
Көбірек білу үшін

Іздеуді жалғастырыңыз