
Rolex Land-Dweller 36 36 мм, Ақ Rolesor - Oystersteel болаты және ақ алтынның бірігуі RMC: M127234-0001
0





Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
127234
-
Модельдің корпусы
Oyster, 36 мм, Oystersteel және ақ алтын
-
БЕЗЕЛЬ
Науалы
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
7135, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 66 сағат
-
Бау
Жазық Jubilee, бесқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Қанық ақ, ұялы өрнек
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Қанық ақ циферблат
Бұл циферблат күн сәулесі жалтырайтын өңделім мен ұялы өрнекпен бедерленген. Оны жасау дәстүрлі қолөнер мен жоғары технологиялық әдістерді талап етеді, олардың барлығы компания ішінде меңгерілген. Ұялы өрнек құрылымы фемтосекунд лазерімен кесіледі, ол сонымен қатар әрбір ұяшықты бөлетін ойықтардағы нәзік сызықтарды сызу үшін қолданылады. Циферблатта Chromalight дисплейі жабдықталған, люминесцентті ашық сандар мен индексі бар сағат таңбалары кез келген жағдайда оңтайлы оқуды қамтамасыз етеді. Сағат тілдері де люминесцентті және модель үшін арнайы жасалған.

Науалы безель
Rolex науалы безелі - айрықшалықтың белгісі. Бастапқыда Oyster безелінің функционалдық мақсаты болды: ол сағатқа судың өтіп кетпеуін қамтамасыз ету үшін безельді корпуста бұрау үшін қызмет ететін. Сондықтан ол корпус артындағы оймамен бірдей болды. Сонымен қатар, арнайы Rolex құралдарын қолдану арқылы суға төзімділікті қамтамасыз ету үшін, ол корпусқа бұрап бекітілген. Уақыт өте, ойма эстетикалық элементке, Rolex бірегейлік белгісіне айналды. Қазір осы Land-Dweller 36 моделінде алтыннан жасалған науалы безель — айрықшалықтың белгісі.

Ақ Rolesor
Алтын жалтырауымен және асылдығымен бағаланады. Болат күштілікті және сенімділікті бейнелейді. Бірігіп олар өз қасиеттерінің өте тиімді тіркесімін құрайды. Rolesor биметалл орындалымы - Rolex бұйымдарындағы фирмалық ерекшелік, 1930 жылдардың басында пайда болды, ал 1933 жылы сауда белгісі ретінде шықты. Қазіргі уақытта ол Oyster коллекциясының негізгі ерекшеліктерінің бірі.


Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message


Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

