Rolex Oyster Perpetual 28 Oyster, 28 мм, сары алтын RMC: M276208-0002
Баға сұраныс бойынша беріледі
Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
276208
-
Модельдің корпусы
Oyster, 28 мм, сары алтын
-
БЕЗЕЛЬ
Дөңес
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
2232, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 55 сағат
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Green stone
-
СЕРТИФИКАТТАР
Superlative Chronometer (механизмді корпусына орнатқан соң хронометрдің ресми сертификациясы + Rolex сертификациясы)
Green stone циферблат
Oyster Perpetual 28 сағатының лакталған циферблатында сағат 3, 6 және 9 деген үш белгісі табиғи тастан жасалған, бұл Rolex үшін алғашқы жағдай. Гелиотроп алуан түрлі жасыл реңкті ұсынады және оның жоғарғы бетінде огива кескіні бар, бұл оның жеке құрылымы мен түсін ерекшелеп көрсетеді, сонымен қатар шағылысудың алдын алады.
18-караттық сары алтын
Өзінің ерекше жеке құю өндірісімен, Rolex-те жоғары сапалы 18-караттық алтын қорытпаларын құюдың қайталанбас мүмкіндігі бар. Күміс, мыс, платина немесе палладийдің үлес салмағын қосып, 18-караттық алтынның әр түрлі түрлері алынады: сары, қызғылт немесе ақ. Қоспасыз металдардан алынған алтын қорытпасы компанияның ең соңғы технологиясымен жабдықталған зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Содан соң оның сапасына ерекше назар аудара отырып, одан қажетті бөлшектер жасалады. Rolex бұйымының кемелдікке ұмтылысы өзінің шығу жерінен бастауын алады.
Oyster білезігі
Oyster білезігі - пішін мен функцияның, эстетика мен технологияның тамаша синтезі. Алғаш рет 1930 жылдардың аяғында ұсынылған, бұл кең, жазық үшқатарлы түйіннен тұратын берік және ыңғайлы металл білезік, Oyster коллекциясындағы ең әмбебап білезік болып саналады. Oyster Perpetual модельдеріне арналған Oyster білезігі Oysterclasp түймелігімен жабдықталған.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message
Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.