menu

Menu

Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE

Rolex Rolex Deepsea 44 мм, 18-караттық сары алтын RMC: M136668LB-0001

Баға сұраныс бойынша беріледі

Ұсынылған бөлшек баға, ҚҚС-ты қоса алғанда. Ұсынылған баға кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертіле алады.
Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Rolex кепілдігі

Rolex сағат бұйымдарын дәл және сенімді болуын қамтамасыз ету үшін әр сағатты құрастырғаннан кейін қатаң сынақтардан өткізеді. Rolex ресми дистрибьюторларының бірінен сатып алынған барлық жаңа Rolex сағатттарына бесжылдық халықаралық кепілдік бар. Rolex бұйымын сатып алғанда, Ресми дистрибьютор сағатыңыз түпнұсқа екенін растайтын Rolex кепілдік картасын толтырады және күнін белгілейді.

Жасыл мөр

Барлық Rolex модельдеріне берілетін бес жылдық кепілдік Superlative Chronometer мәртебесінің символы — жасыл мөрмен бекітіледі. Бұл эксклюзивті таңба сағат механизмінің ресми COSC сертификатына қосымша, Rolex зертханаларында арнайы қорытынды бақылаулардан сәтті өткенін растайды.

Rolex сыйлық қорабы

Әр Rolex бұйымын әдемі жасыл сыйлық қорабында жеткізеді, ол оның ішінде орналасқан асыл тасты әрі қорғайды, әрі сақтайды. Сыйлық қорабы — сыйлық берудің символы, сондықтан сыйлық ретінде сатып алсаңыз, оны алушының Rolex бұйымымен алғашқы байланысы ішінде не жатқанын білгісі келу болады.
  • СІЛТЕМЕ

    136668LB

  • Модельдің корпусы

    Oyster, 44 мм, сары алтын

  • БЕЗЕЛЬ

    Бір бағытта айналмалы 60 минуттық етіп ойылған, көк керамикадан жасалған Cerachrom безелі сызатқа төзімді, сандар және межеліктегі таңбалар алтынмен қапталған

  • СУҒА ТӨЗІМДІ

    Суға төзімділігі 3900 метрге / 12800 футқа дейін, гелиийдің шығару клапаны

  • Сағат механизмі

    Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау

  • КАЛИБР

    3235, Rolex өндіру зауыты

  • қуат қоры

    Шамамен 70 сағат

  • Бау

    Oyster, үшқатарлы сом түйіндер

  • ЦИФЕРБЛАТ

    Көк

  • СЕРТИФИКАТТАР

    Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)

Брошюраны жүктеп алыңыз

Керамикалық безель және люминесцентті дисплей

Rolex Deepsea моделінің 60 минуттық етіп ойылған, бір бағытта айналмалы безелі сүңгуірлерге сүңгу уақытында және декомпрессиондық тоқтау кезінде уақытты дәл және қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді. Таңбаның үшбұрышты «нөлдік» белгісі ұзақ уақытқа жететін көгілдір жарық шығаратын люминесцентті материалы бар енгізілген капсула арқасында қараңғыда көрінеді. Безельдегі таңба сары алтынның жұқа қабатымен PVD (Physical Vapor Deposition – металл буларын конденсациялау) технологиясы арқылы жабындалған. Компрессиялық сақинада, циферблатта және Cerachrom безелінде кездесетін көк түстің реңкі корпустың 18-караттық сары алтынымен және Oyster білезігімен ерекшеленетін мұхиттың нәзік палитрасын жасау үшін біріктіріледі.

Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE

Көк циферблат

Сары түсте ұнтақталған «DEEPSEA» жазуы бар көк лакпен сырланған циферблат. Минимализм стилінде жасалған циферблатта Chromalight ірі көрсеткіштері мен таңбалары ерекшеленеді, оған қараңғы кезде керемет көруге болатын ұзақ уақытқа жететін ашық көк жарық люминесцентті материалмен толтырылған. Сағат таңбаларының үшбұрыштар, шеңберлер және тіктөртбұрыштар тәрізді қарапайым пішіндері және өлшемі мен пішінін анық ажыратуға болатын тілдері люминесцентті материалмен толтырылған немесе жабындалған, олар дәстүрлі фосфоресцентті материалдардан екі есе ұзақ уақыт көгілдір жарқыл шығарады.

Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE

18-караттық сары алтын

Өзінің ерекше жеке құю өндірісімен, Rolex-те жоғары сапалы 18-караттық алтын қорытпаларын құюдың қайталанбас мүмкіндігі бар. Күміс, мыс, платина немесе палладийдің үлес салмағын қосып, 18-караттық алтынның әр түрлі түрлері алынады: сары, қызғылт немесе ақ. Қоспасыз металдардан алынған алтын қорытпасы компанияның ең соңғы технологиясымен жабдықталған зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Содан соң оның сапасына ерекше назар аудара отырып, одан қажетті бөлшектер жасалады. Rolex бұйымының кемелдікке ұмтылысы өзінің шығу жерінен бастауын алады.

Rolex Rolex Deepsea in 18-караттық сары алтын M136668LB-0001 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Модельдің қолжетімділігі

Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.

 

Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.

 

ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.

Связаться с нами

Send us a message

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы

Хабар жіберу

Өз хабарыңызды енгізіңіз

Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз

Хабар жіберу

Хабарыңызды енгізіңіз

* Міндетті

Хабар жіберу

Рақмет

Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді

Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы
Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE
Rolex Deepsea және Deepsea Challenge Экстремалды сүңгуірлердің сағаттары
Көбірек білу үшін

Іздеуді жалғастырыңыз