menu

Menu

Rolex Submariner Date in 18-караттық сары алтын M126618LN-0002 at ACRE

Rolex Submariner Date 41 мм, 18-караттық сары алтын, M126618LN-0002

Баға сұраныс бойынша беріледі

Ұсынылған бөлшек баға, ҚҚС-ты қоса алғанда. Ұсынылған баға кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертіле алады.
Модельдің қолжетімділігі
  • СІЛТЕМЕ

    126618LN

  • Модельдің корпусы

    Oyster, 41 мм, сары алтын

  • СУҒА ТӨЗІМДІ

    Суға төзімділігі 300 метрге / 1000 футқа дейін

  • БЕЗЕЛЬ

    Бір бағытта айналмалы 60 минуттық етіп ойылған, қара  керамикадан жасалған Cerachrom безелі сызатқа төзімді, сандар және межеліктегі таңбалар алтынмен қапталған

  • ЦИФЕРБЛАТ

    Қара

  • Бау

    Oyster, үшқатарлы сом түйіндер

  • Сағат механизмі

    Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау

  • КАЛИБР

    3235, Rolex өндіру зауыты

  • Шамамен 70 сағат

  • СЕРТИФИКАТТАР

    Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)

Брошюраны жүктеп алыңыз
Rolex Submariner Date in 18-караттық сары алтын M126618LN-0002 at ACRE

Бір бағытта айналмалы безель

Submariner бұйымының айналмалы безелі сағаттың негізгі функционалдығы. Оның 60 минуттық межелігі сүңгуірге сүңгу уақытында және декомпрессиондық тоқтау кезінде уақытты дәл және қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді. Rolex қатты, коррозияға төзімді керамикадан жасаған және Cerachrom безелінің дискі іс жүзінде сызатқа төзімді. Қоршаған орта қаншалықты қараңғы болса да нөл таңбасындағы люминесцентті капсула оқылуды қамтамасыз етеді. Безельдің бұдыр жиегі су астында тіпті қолғаппен де жақсы ұстай алуға мүмкіндік беру үшін мұқият жасалған.

Қара циферблат

Циферблаттағы Chromalight люминесцентті индикациясы қараңғыда көру мүмкіншілігін жақсартатын инновацияны ұсынады, әрі бұл сүңгуірлер үшін маңызды функцияның бірі. Сағат таңбалары қарапайым пішімдерден тұрады - үшбұрыштар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар - және сағат пен минуттың кең тілдері су астында шатаспау үшін уақыт көрсеткішін тез әрі сенімді оқуға мүмкіндік береді.

18-караттық сары алтын

Өзінің ерекше жеке құю өндірісімен, Rolex-те жоғары сапалы 18-караттық алтын қорытпаларын құюдың қайталанбас мүмкіндігі бар. Күміс, мыс, платина немесе палладийдің үлес салмағын қосып, 18-караттық алтынның әр түрлі түрлері алынады: сары, қызғылт немесе ақ. Қоспасыз металдардан алынған алтын қорытпасы компанияның ең соңғы технологиясымен жабдықталған зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Содан соң оның сапасына ерекше назар аудара отырып, одан қажетті бөлшектер жасалады. Rolex бұйымының кемелдікке ұмтылысы өзінің шығу жерінен бастауын алады.

Модельдің қолжетімділігі

Модельдің қолжетімділігі

Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.

 

Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.

 

ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.

Rolex Submariner
Терең сенімділік
Көбірек білу үшін

Іздеуді жалғастырыңыз