Rolex GMT-Master II 40 мм, Oystersteel болаты, M126710GRNR-0003
Баға сұраныс бойынша беріледі
Барлық Rolex сағаттары жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін ерекше күтіммен қолмен жиналады. Әрине, мұндай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Осыған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді тұрақты түрде алады және клиенттерге сағаттарды тарату мен сатуды дербес басқарады.
ACRE дағы Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісін-ің бөлігі болғанына мақтан тұтады және Rolex сағаттарының қол жетімділігі туралы ақпарат бере алады.
-
СІЛТЕМЕ
126710GRNR
-
Модельдің корпусы
Oyster, 40 мм, Oystersteel
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
БЕЗЕЛЬ
Екі бағытта айналатын 24 сағаттық ойылған безель. Екі түсті сұр және қара керамикалық Cerachrom дискі, қалыпқа құйылған сандар және межеліктегі таңбалар
-
ЦИФЕРБЛАТ
Қара
-
Бау
Jubilee, бесқатарлы түйін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау, GMT функциясы
-
КАЛИБР
3285, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 70 сағат
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
24 сағаттық айналмалы безель
Бұл модельде қара циферблат және сұр және қара керамикадан жасалған екі түсті Cerachrom безель дискі бар. Сағаттық, минуттық, секундтық тәрізді дәстүрлі сағат тілдеріне қоса, GMT-Master II сағаты 24 сағат ішінде толық айналымды орындайтын және 24-сағаттық ойылған межелігімен екі бағытта айналатын ұштығы бар көрсеткіш тілімен жабдықталған. Көрнектілігі жақсы 24-сағаттық тіл безельдегі таңбаның көмегімен бірінші сағаттық белдеудегі жергілікті анықтамалық уақытты көрсетуге мүмкіндік береді. Саяхаттау кезінде жергілікті уақыт циферблатта “секіретін” сағат тілінің көмегімен орнатылады, бұл ерекше механизм арқылы бұрамалы бастиектің айналуымен оңай реттеледі. Бұл реттелім минуттық және секундтық тілдерден бөлек орындалады және басқа сағаттық белдеуде көрсететін уақыттың тіліне әсер етпейді. Бұл саяхаттаушыларға хронометраждың дәлдігіне әсер етпей, өздерінің жаңа уақыт белдеуіне бейімделуге мүмкіндік береді.
Қара циферблат
Қара лакпен сырланған циферблатта жасыл түсті «GMT-Master II» деген жазу бар. Бұл түс 24-сағаттық тілде де ерекшеленеді. Барлық Rolex Professional сағаттары тәрізді, GMT-Master II, әсіресе, қараңғы кезде Chromalight дисплейінің арқасында барлық жағдайларда керемет оқылу мүмкіндігін ұсынады. Кең тілдері және сағат таңбалары қарапайым пішімдерден тұрады - үшбұрыштар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар - және ұзақ уақытқа жарқыл беретін люминесцентті материалмен толтырылған.
Oystersteel болаты
Rolex өзінің болат сағат корпустары үшін Oystersteel материалын қолданады. Компания арнайы әзірлеген Oystersteel 904L болат тобына жатады, ол коррозияға аса төзімділік қажет жоғары технологияда және аэроғарыш пен химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Oystersteel болаты жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, керемет жылтырап өңделеді және қатаң сыртқы жағдайларда пайдаланған кезде де өзінің бастапқы сұлулығын сақтайды.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message
Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.