
Rolex GMT-Master II 40 мм, 18-караттық Everose алтыны RMC: M126715CHNR-0002
0





Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
126715CHNR
-
Модельдің корпусы
Oyster, 40 мм, Everose алтыны
-
БЕЗЕЛЬ
Екі бағытта айналатын 24 сағаттық ойылған безель. Екі түсті қоңыр және қара керамикалық Cerachrom дискі, қалыпқа құйылған сандар және межеліктегі таңбалар
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау, GMT функциясы
-
КАЛИБР
3285, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 70 сағат
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Жолбарыс терісі тәріздес темір
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Жолбарыс терісі тәріздес темір
GMT-Master II жолбарыс терісі тәріздес темір циферблатпен ерекшеленеді. Rolex компаниясы осы сағатта алғаш рет пайдаланған бұл метаморфтық таужыныс күрделі құрылымымен сипатталады Құрамында жолбарыс көзі, қызыл яшма және күміс гематит тәрізді үш минерал бар – бұл алтын және қызғылт сары реңкті жарқыраған тас, оны мейлінше мұқият таңдап және құрастырғаннан кейін корпус пен білезік түсі бір-бірімен үйлесімді жарасқан.

24 сағаттық айналмалы безель
Бұл модель жолбарыс терісі тәріздес темір циферблат пен екі түсті Қоңыр және қара керамикадан жасалған Cerachrom безелінің тегерігі жабдықталған. Сағаттық, минуттық, секундтық тәрізді дәстүрлі сағат тілдеріне қоса, GMT-Master II сағаты 24 сағат ішінде толық айналымды орындайтын және 24-сағаттық ойылған межелігімен екі бағытта айналатын ұштығы бар көрсеткіш тілімен жабдықталған. Көрнектілігі жақсы 24-сағаттық тіл безельдегі таңбаның көмегімен бірінші сағаттық белдеудегі жергілікті анықтамалық уақытты көрсетуге мүмкіндік береді. Саяхаттау кезінде жергілікті уақыт циферблатта “секіретін” сағат тілінің көмегімен орнатылады, бұл ерекше механизм арқылы бұрамалы бастиектің айналуымен оңай реттеледі. Бұл реттелім минуттық және секундтық тілдерден бөлек орындалады және басқа сағаттық белдеуде көрсететін уақыттың тіліне әсер етпейді. Бұл саяхаттаушыларға хронометраждың дәлдігіне әсер етпей, өздерінің жаңа уақыт белдеуіне бейімделуге мүмкіндік береді.

18-караттық Everose алтыны
Алқызыл алтыннан жасалған сағаттың сұлулығын сақтау үшін, Rolex компаниясы өзінің жеке құю өндірісінде дайындалатын 18-караттық алқызыл алтынның ерекше қорытпасын - Everose gold алтынын жасады және патенттеді. 2005 жылы шығарылған 18-караттық Everose алқызыл алтыннан жасалған барлық Rolex Oyster модельдерінде қолданылады.


Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message


Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

