Rolex GMT-Master II 40 мм, 18-караттық ақ алтын, M126719BLRO-0002
Баға сұраныс бойынша беріледі
Барлық Rolex сағаттары жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін ерекше күтіммен қолмен жиналады. Әрине, мұндай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Осыған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді тұрақты түрде алады және клиенттерге сағаттарды тарату мен сатуды дербес басқарады.
ACRE дағы Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісін-ің бөлігі болғанына мақтан тұтады және Rolex сағаттарының қол жетімділігі туралы ақпарат бере алады.
-
СІЛТЕМЕ
126719BLRO
-
Модельдің корпусы
Oyster, 40 мм, ақ алтын
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
БЕЗЕЛЬ
Екі бағытта айналатын 24 сағаттық ойылған безель. Екітүсті көк және қызыл керамикалық Cerachrom дискі, қалыпқа құйылған сандар және межеліктегі таңбалар
-
ЦИФЕРБЛАТ
Метеорит
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау, GMT функциясы
-
КАЛИБР
3285, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 70 сағат
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Метеорит циферблат
GMT-Master II сағатының осы моделінде ғана метеорит циферблаты бар. Метеоритті астероидтің (толық планетаның бөлігінен де болуы мүмкін) өзегінен алады, жарылыс нәтижесінде пайда болған оның жарықшақтары бүкіл Күн жүйесі арқылы өтіп, біздің планетамыздың орбитасына кездейсоқ түсіп, ауырлық күшінің әсерінен Жерде қалып қойған. Саяхаттау кезінде метеориттің ортасы бірте-бірте өзгеріп, балқыған астероид өзектерінің өте баяу салқындауы нәтижесінде аса ерекше металл үлгілерін шығарған. Rolex дизайнерлері осы конфигурациялардан кей ең беделді модельдер үшін бірегей қазына жасайды, соның ішіне осы GMT-Master II жатады.
24 сағаттық айналмалы безель
Бұл модельде метеорит циферблат және қызыл және көк керамикадан жасалған екі түсті Cerachrom безель дискі бар. Сағаттық, минуттық, секундтық тәрізді дәстүрлі сағат тілдеріне қоса, GMT-Master II сағаты 24 сағат ішінде толық айналымды орындайтын және 24-сағаттық ойылған межелігімен екі бағытта айналатын ұштығы бар көрсеткіш тілімен жабдықталған. Көрнектілігі жақсы 24-сағаттық тіл безельдегі таңбаның көмегімен бірінші сағаттық белдеудегі жергілікті анықтамалық уақытты көрсетуге мүмкіндік береді. Саяхаттау кезінде жергілікті уақыт циферблатта “секіретін” сағат тілінің көмегімен орнатылады, бұл ерекше механизм арқылы бұрамалы бастиектің айналуымен оңай реттеледі. Бұл реттелім минуттық және секундтық тілдерден бөлек орындалады және басқа сағаттық белдеуде көрсететін уақыттың тіліне әсер етпейді. Бұл саяхаттаушыларға хронометраждың дәлдігіне әсер етпей, өздерінің жаңа уақыт белдеуіне бейімделуге мүмкіндік береді.
18-караттық ақ алтын
Өзінің ерекше жеке құю өндірісімен, Rolex-те жоғары сапалы 18-караттық алтын қорытпаларын құюдың қайталанбас мүмкіндігі бар. Күміс, мыс, платина немесе палладийдің үлес салмағын қосып, 18-караттық алтынның әр түрлі түрлері алынады: сары, қызғылт немесе ақ. Қоспасыз металдардан алынған алтын қорытпасы компанияның ең соңғы технологиясымен жабдықталған зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Содан соң оның сапасына ерекше назар аудара отырып, одан қажетті бөлшектер жасалады. Rolex бұйымының кемелдікке ұмтылысы өзінің шығу жерінен бастауын алады.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message
Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.