menu

Menu

Rolex және Вена филармониясы

Rolex компаниясы 2008 жылдан бері Вена филармониясының эксклюзивті серіктесі және 2009 жылдың қаңтарынан бастап Жаңа жыл концертінің эксклюзивті демеушісі. 

жарияланған күні 18/12/2024
Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE

Негізі 1842 жылы қаланған Вена филармониясы әлемдегі ең жоғары құрмет көрсетілетін оркестрлердің бірі ретінде кеңінен танымал. Классикалық музыканың керемет дәстүрлерін 180 жылдан астам уақыт бойы сақтап келе жатқан бұл құрметті мекеменің негізгі қағидалары — жоғары талапқа сай келетін стандарттар мен көркемдік тұтастық.

Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE

Жаңа күннің шапағы

Вена филармониясының жыл сайынғы Жаңа жылдық концерті 80 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ерекше шара және дәстүрлі түрде 1 қаңтар күні таңертең қойылады. 2025 жылдың концертіне шақырылған дирижер — оркестрді жетінші рет басқарып отырған белгілі Риккардо Мути. Бұл дүниежүзілік шарада Иоганн Штраустың, оның отбасының және замандастарының музыкалық шығармалары  орындалады. Сол музыкалық шығармаларды Венадағы Музикферайн (Musikverein) концерттік залынан тікелей эфир арқылы жыл сайын 90-нан астам елде миллиондаған адам тамашалай алады.

Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE

“Вена филармониясының барлық мақтауы кемітіп көрсетілген.”

Рихард Штраус

Жазғы түннің дыбысы

Вена филармониясы сондай-ақ  көрермендерге көптен күткен Жазғы түнгі концертті ұсынады. Жыл сайын мамырда немесе маусымда ең көбі 50 000 адам Аустрия астанасының ортасындағы Шёнбрунн сарайы мен бақтарында ашық аспан астындағы қойылымға жиналады. Бұл шара 80-нен астам елде эфирде көрсетіледі және 2009 жылдан бастап Rolex қолдауымен ұсынылады. Ол классикалық музыканы барлығына қолжетімді етудегі ортақ міндеттемені көрсетеді.

Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE

Халықаралық бағдарлама

Вена филармониясы әлемнің ең керемет концерт залдарында үнемі көрермендерге жүйелі түрде өнер көрсетеді.

 

2025 жылы Rolex ұсынатын концерттер:

 

• Қойылым 25 ақпанда Миландағы Ла Скала (Teatro alla Scala) театрында өтеді.
• 11 мамырда Гарнье сарайының 150 жылдығына арналған гала-концертте Париждің ұлттық опера театры (Opéra national de Paris), Вена филармониясы және Rolex серіктес болады. Хуан Диего Флорес, сэр Брин Терфель, Роландо Вильясон, Юйцзя Ван және Соня Йончева сияқты басқа да Rolex серіктес қолдаушыларымен бірге Янник Незе-Сеген филармонияда бірегей қойылымда сахнаға шығып дирижерлік етеді. Түскен қаржы Париждің ұлттық опера театрының (Opéra national de Paris) (ADO – Apprentissage de l'Orchestre) жастар лирикалық оркестріне жіберіледі.
• Rolex Night Сеулде 2025 жылдың 20 қарашасы Seoul Arts Center (Сеул өнер орталығында) өтеді.

Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE

Rolex, музыкадағы серіктестіктер

Музыка – шекаралар мен мәдениеттер аясынан бөлек әмбебап тіл. Rolex Лондон, Милан, Нью-Йорк және Париждың төрт жетекші опера театры сияқты беделді мекемелермен, сондай-ақ классикалық музыканың екі қазынасы, Зальцбург фестивалі және Вена филармониясына серіктестік болу арқылы музыкадағы жетістіктерді дәріптейді. Rolex әншілерге, дирижерлерге және виртуоз музыканттарға қолдау көрсету арқылы әлемде музыка өнерінің дамуына үлес қосады, олар өз кезегінде әртістердің жаңа буынын үлкен жетістіктерге шабыттандырады.

Rolex әлемі - ACRE Rolex әлемі - ACRE
Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE
Rolex Day-Date
Мінсіз жетістіктер
Толығырақ білу

Іздеуді жалғастырыңыз