menu

Menu

Day-Date Day-Date

Oyster Perpetual

Rolex Day-Date
Мінсіз жетістіктер

Түн ортасы болғанда, Oyster Perpetual Day-Date өткен мен қазіргі уақыттың, жеткен жетістіктер мен әлі өмір сүруге қалғанды байланыстыратын буынға айналады. 1956 жылдан бері бұл модель жаңашылдар, виртуоздар және ізашарлардың білегінде ұлы тарихи оқиғалардың куәсі болды. Бұл тұлғалар келешек ұрпақтың игілігі үшін күн сайын еңбек еткен. 

Бұл Youtube бейнесін көрсету үшін сіздің келісіміңіз қажет

Қабылдау

Day-Date - жаһандық, көпмәдениетті және үнемі өзгеріп отыратын әлемнің сағаты.

1956 жылы қолданысқа енгізілген Day-Date моделі сол кездегі нағыз техникалық инновация еді: ол циферблатта 12 сағат белгісімен арнайы доға тәрізді терезеде күн мен аптаның атауын толық көрсететін алғашқы күнтізбелік қол сағаты болды. 18-караттық сары, ақ немесе Everose алтыны немесе 950 сынамасындағы платина тәрізді бағалы металдардан ғана жасалады және символдық President білезігімен бірге, оның бірнеше циферблаттары өз болмысын көрсет үшін тамаша туынды.

Day-Date Day-Date

Day-Date өз тағушысының тілінде сөйлейді

Дүниенің кез келген жерінде күндер бірдей болғанымен, олар тілге байланысты әр түрлі жазылады. Олар жазу жүйесі алуан түрлі - латын, араб, кириллица, иврит, жапон және қытай иероглифтері, тіпті Африка Мүйізінде қолданылатын әріптік күрделі буынды геэз альфа буын жүйелі жазуында қолжетімді – Day-Date тағушының мәдени ерекшелігін көрсетеді. 26 тілде қолжетімді және нағыз халықаралық, әмбебап әрі бірегей сағат.
 

Day-Date Day-Date
Day-Date Day-Date

Түн ортасының кереметі
Мінсіз дәлдік

Түн ортасы болған кезде, апта күні мен ай күні бір уақытта циферблаттың тиісті терезелерінде өзгереді. Бұл сағат жасаудағы жетістік, «түн ортасы ғажайыбы» диск механизміне негізделген. Бұл көп жылғы зерттеулердің жемісі: 1950 жылдан 1955 жылға дейін Rolex апта күні мен ай күнін көрсететін сағаттарға төрт патентті тіркеді.

Қазіргі уақытта Day-Date моделі 3255 калибрімен жабдықталған, өнімділіктің аса жоғары деңгейі үшін механизмді толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған.

Day-Date Day-Date

President білезігі

1956 жылы модельді қолданысқа енгізу кезінде ұсынылған беделді Oyster Perpetual Day-Date сағатында қолдану үшін арнайы жасалған, 18-караттық алтын немесе 950 сынамасындағы платинадан ғана жасалатын President білезігі әлі де Day-Date моделі және Datejust моделінің бағалы металл нұсқалары үшін эксклюзивті сақталған.

Day-Date Day-Date

Құнды одақтас

Әлемнің көптеген саяси қайраткерлері, режиссерлері мен жаңашылдар тағатын Day-Date сағатын оның символдық President білезігіне қарап бірден тануға болады - осы экспрессивті атауы оны таққан көрнекті тұлғаларға Day-Date моделін «президенттер сағаты» ретінде танымал болуын қамтамасыз етті.

 

Жылдар өтіп жатыр, бірақ Day-Date сағаты өз маңыздылығын жойған жоқ. Day-Date - беделдік сағаты және Rolex-тің сағат жасау тәжірибесінің жемісі, ол өз салаларында адалдығы, адами қасиеттері және шығармашылық данышпандығы арқылы әлемді қалыптастыратын тұлғалармен бірге болуды жалғастыруда.

 

Day-Date моделімен байланысты Rolex серікстес қолдаушылары арасында, американдық шаңғышы Линдси Вонн, швейцариялық теннисші Роджер Федерер, американдық кинорежиссер Мартин Скорсезе және гольф ойыншылары Арнольд Палмер, Джек Никлаус және Гари Плэйерді мақтан тұтады.

Day-Date Day-Date

Day-date

Модельді таңдауы

Іздеуді жалғастырыңыз