Oyster Perpetual
Rolex Sea-Dweller
Тереңдік азаматы
Rolex ұзақ созылатын су асты экспедицияларын орындау үшін 1967 жылы Oyster Perpetual Sea-Dweller моделін шығарды. Sea-Dweller ұзақ уақыт терең сүңгу үшін арнайы жасалған. Гелий шығару клапанының арқасында ол көтерілу кезінде декомпрессияға төтеп беруді және теңіздің терең аймағын зерттеудің соңғы кезеңі - жер бетіне оралуды меңгере алады.
1967 жылы қолданысқа енгізілген кезде 610 метр (2000 фут), ал 1978 жылдан бері 1220 метрге (4000 фут) дейін тереңдікте судың өтпеуіне кепілдік беретін Sea-Dweller сағаты заманауи сүңгуір сағатының барлық қасиеттерін біріктіреді.
1969 жылы НАСА, АҚШ әскери және теңіз күштері мен АҚШ үкіметі бірлесіп бастаған “Tektite” бағдарламасының бөлігі ретінде нақты өмір жағдайында сынақтан өткен Sea-Dweller моделін су астындағы тіршілік ортасында алғашқы ірі эксперименттер жасау кезінде қолданды.
Дайвингтің жаңа келбеті
1960 жылдары «қанықтыру тәсілі» деп аталатын дайвинг ұзақ уақыт бірталай тереңдікте қалуға мүмкіндік берді. Ол су асты жұмыс ортасында қысымды қалпына келтіру үшін сүңгуірлерді қысым астындағы ортада жайғастырудан тұрады. Бұл дегеніміз, соңында олар бір ғана декомпрессия процесінен өтуі керек дегенді білдіреді.
Бұл процесс сағатты зақымдауы мүмкін. Сүңгуірлер негізінен гелийден тұратын газдар қоспасымен тыныс алады, оның өте жұқа атомдары корпусқа енуі мүмкін. Үстіге қайтып келгенде, іште қамалған гелий оның тұтастығына қауіп төндіретін ішкі қысым құбылысын тудыруы мүмкін.
Гелий шығару клапанымен декомпрессияны меңгеру
Бұл мәселені шешу үшін Rolex 1967 жылы гелий шығару клапаны бар Sea-Dweller сүңгуір сағатын ұсынды. Ол корпусқа бұрандалған және герметикалық цилиндр, піспек, тығыздағыш және сақтандыру клапанының рөлін атқаратын серіппеден тұрады. Корпустың ішкі қысымы тым жоғары болғанда, ол гелий атомдарының шығуына мүмкіндік беріп автоматты түрде ашылады.
Барлық жағынан оқылады
Rolex-ке ғана тән Chromalight айрықша дисплейі Sea-Dweller сағатын кез келген жағдайда оңтайлы оқуға мүмкіндік береді. Сағат таңбалары, тілдері, капсуласы мен безелі қараңғыда қарқынды көк жарқыл шығаратын люминесцентті материалмен толтырылған немесе қапталған, олар дәстүрлі фосфоресцентті материалдардан екі есе ұзақ уақыт көгілдір жарқыл шығарады.
Суға төзімділігі арттырылған
Sea-Dweller моделі Triplock бұрамалы бастиегімен жабдықталған. Бұл бұрандалатын бастиек 1970 жылы ойлап табылған және үш су өткізбейтін аймақтан тұрады. Ол Sea-Dweller моделінің 43 мм Oyster корпусының өткізбеушілігін нығайтады, оның ортаңғы корпусы Oystersteel тұтас блогынан, әсіресе коррозияға төзімді қорытпадан жасалған.
Теңіз тұрғындарына арналған сағат
Сильвия Эрл сияқты зерттеушілер мен мұхиттанушылар және Дэвид Дубиле сияқты су асты фотографтары мұхитты аялап сақтауға үлес қосады және бұл біздің ең қымбат ресурсымыз екенін біледі. Олар өз ісіне құштарлығы мен берілгендігін көрсету үшін Sea-Dweller сағатын тағады.
Сондай ақ, Rolex Comex (Compagnie Maritime d’Expertises) компаниясымен 1971 жылдан бері серіктес. Ондаған жылдар бойы Sea-Dweller су асты инженерлік ісі, технологиясы және интервенциясына маманданған осы француз компаниясының сүңгуірлерін жабдықтады.
Sea-Dweller
Модельді таңдауы