Oyster Perpetual
Rolex Sky-Dweller
Биікке самғайтын
Сәнді және техникалық жағынан күрделі Oyster Perpetual Sky-Dweller сағаты дүниежүзін үнемі саяхаттайтындарға арналған. Сарос жылдық күнтізбесі және Ring Command жүйесімен, ол бір уақытта екі уақыт белдеуін, сондай-ақ күн мен айды көрсетеді және оларды бір қарапайым қимылмен реттеуге мүмкіндік береді.
Өте инновациялық Sky‑Dweller түпнұсқа дисплейде механикалық күрделілікті үйлестіреді.
2012 жылы жасалғаннан бері Sky-Dweller әлемді шекарасыз біртұтас аумақ ретінде көретіндер үшін арналған. Бұл саяхатшыларға уақыт айырмашылығының тұзағынан құтылуға және әрқашан бір қадам алда болуға мүмкіндік береді.
Бір қарағанда екінші уақыт белдеуі
Sky-Dweller бір уақытта екінші уақыт белдеуіндегі уақытты және ортаңғы тілдер көрсететін жергілікті уақытты көрсетеді. Бұл екінші уақыт белдеуін немесе анықтамалық уақытты 24 сағаттық межеліктің айналмалы дискісіндегі жақсы оқылатын, қызыл түсті сұлбасы бар кішкентай үшбұрыш көрсетеді. Модельдің бірегейлік элементі, ортасынан жылжитын диск күндізгі және түнгі сағаттарды біржола ажырата алуға мүмкіндік береді: бұл әлемнің бір шетінен екінші шетінен саяхаттайтын кісіге баға жетпес актив.
Инновациялық және көрнекі жылдық күнтізбе
Sky-Dweller үшін арнайы әзірленген, патенттелген Сарос жылдық күнтізбесі - модель ерекшелігінің негізгі элементі. Жаңашыл дизайны бар бұл механизмнің атауы ай мен күннің тұтылу циклін білдіретін грек терминінен алынған.
Сарос жылдық күнтізбесі айдың 30-шы және 31-ші күндерін автоматты түрде ажыратады. Сондықтан жылына бір рет қана ақпаннан наурызға өткенде датаны қолмен реттеуді қажет етеді. Ол көрнекі және оңай оқылады. Ағымдағы ай циферблат айналасындағы сағат белгілерін көрсететін ондаған терезенің бірінде қызыл түспен көрсетілген.
Сағат жасау инновациясы екі беріліс қатынасына және Rolex-тің лездік күндер күнтізбесіне қосылған төрт беріліс дөңгелектеріне ғана негізделген. Бұл қарапайым құрылым Сарос жылдық күнтізбесіне жоғары сенімділік береді.
Ring Command жүйесі
Уақытты бақылауға болады
Rolex дайындап жасаған, патенттелген Ring Command жүйесі айналмалы безель, бұрамалы бастиек және механизм арасындағы өзара әрекеттесудің инновациялық механизмі. Ол Sky-Dweller сағатының әр түрлі функцияларын бұрамалы бастиекпен реттемес оларды бұрын оңай, жылдам және қауіпсіз таңдауға мүмкіндік береді.
Қолдануды жеңілдету үшін профилі ерекшеленген науалы безельді сағат тіліне қарсы бұру арқылы сағат тағушы орнатқысы келетін көрсеткішті таңдайды. Бірінші қадам: күй және ай. Екінші қадам: жергілікті уақыт. Үшінші қадам: анықтамалық уақыт.
Нағыз жер шарын саяхаттаушыға арналған
Гольф ойыншысы, теңізші немесе шабандоз болсын, дүниежүзін саяхаттаушы болсын, олар баратын жеріне немесе жүріп өтетін қашықтыққа әрқашан дайын болуы тиіс.
Испандық гольф ойыншысы Джон Рам, бразилиялық скипер Роберт Шейдт және американдық конкур Кент Фаррингтон Sky-Dweller сағатын тағатын Rolex серіктес қолдаушыларының қатарында.
Sky-Dweller
Модельді таңдауы
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Everose алтыны
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, сары алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, ақ алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Everose алтыны
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Oystersteel және ақ алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, сары алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Everose алтыны
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Oystersteel және сары алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Oystersteel және сары алтын
-
Rolex
Sky-Dweller
Oyster, 42 мм, Oystersteel және ақ алтын