menu

Menu

Lady-Datejust Lady-Datejust

Oyster Perpetual

Rolex Lady-Datejust
Талғампаз сәнділік

”Нағыз әйелдерге арналған классикалық сағат.” Кейбіреулер Oyster Perpetual Lady‑Datejust сағатымызды дәл осылай сипаттайды.  Бұл рас та шығар. ХХ ғасырдың басынан бастап Rolex кез келген әйелдің білегіне мінсіз тағылатын және бізге ұсынылатын модельдердің белгілі сипатының сапа стандартына сай келетін сағатты жасап шығарады. «Классика» дегенді жаңа биіктерге тынымсыз ұмтылу, жарқын дәстүрлерді жалғастыру, талғампаздық пен дәлдікті, сәнділік пен мықтылықты, сұлулық пен өнімділікті үйлестіру өнері деп түсінетін болсақ, онда Lady-Datejust - нағыз әйелге арналған классикалық сағат екені сөзсіз.

Бұл Youtube бейнесін көрсету үшін сіздің келісіміңіз қажет

Қабылдау

Rolex нағыз классикалық әйелдер сағаты. Сәнді гламуры, стилі және техникалық өнімділігімен.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Rolex тарихындағы маңызды рөл

Ізашар әйелдердің Rolex тарихында әрқашан маңызды рөлдері болды.
Олар компанияның құрылу кезінен бастап, жаңа белестерді алуда батыл ізашарлармен бірге болатын сағаттардың арнайы модельдерін жасауына және дамытуына шеберлерге шабыт берді. Lady-Datejust сағаты жаңа жолда батыл қадам жасайтындарға арналған. Ол классикалық сәнділік пен техникалық өнімділікті үйлестіре отырып, дәлдікті бейнелейді.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Datejust мұрагері

 

1957 жылы ұсынылған Lady-Datejust сағаты Datejust тобының барлық сипаттарына ие және 1945 жылы қолданысқа енгізілгеннен бері стильдің және техникалық өнімділіктің символы болған атақты Rolex сағаты. Бұл уақыт хронометрінің әйелдерге арналған нұсқасы, Lady-Datejust сағатының Datejust моделі жіңішке білекке талғампаз әрі өте ыңғайлы жарасып тұрады.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Сан алуан нұсқалар

Гауһар тастармен көмкерілген немесе інжу моншақтан жасалған күн сәулесі түстес циферблаттар – Lady-Datejust көптеген таңдауларды ұсынады, сондықтан оны тағушылар өзіндік ерекшелігін сипаттайтын бұйымды оңай таба алады. Lady-Datejust дөңес, науалы немесе гауһар тасты безель нұсқасында қолжетімді.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Эксклюзивті материалдар

Lady-Datejust сағаты Oystersteel болаты, 18-караттық сары алтын, ақ алтын немесе Everose алтыны сияқты әртүрлі металл қорытпаларында, сондай-ақ Rolesor нұсқасында (Oystersteel және сары алтын, ақ алтын немесе Everose алтыны қосылымы) қолжетімді.

Lady-Datejust Lady-Datejust

28 мм Oyster корпусы

Lady-Datejust сағатының 28 мм Oyster корпусы пропорцияның, беріктіктің және талғампаздықтың тамаша үйлесімі. Корпус сақинасы Oystersteel болатының тұтас блогынан — коррозияға төзімділігі жоғары қорытпадан немесе 18-караттық алтыннан жасалған. Ол 100 метр тереңдікке дейін судың өтпеуіне кепілдік береді.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Дәстүрлі білезіктер

Нұсқасына байланысты, Lady-Datejust сағаттарына Oysterclasp түймелігімен үш түйінді Oyster білезігі беріледі немесе 1945 жылы Datejust сағаттары үшін арнайы жасалған бес түйінді Jubilee білезігі немесе үш түйінді President білезігі — екеуіне де Crownclasp түймелігі ұсынылады.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Perpetual 2236 калибрі

Lady-Datejust моделі толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған автоматты жүргізу тетігі бар жаңа буын механизмі - 2236 калибрімен жабдықталған. Ол өзінің өте дәл және сенімді функциясымен ерекшеленеді. 2236 калибрі Rolex патенттеген және жасаған Syloxi кремний спиралімен жабдықталған. Syloxi шиыршығы магнит өрістеріне төзімді және температура ауытқуларында жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Оның патенттелген геометриясы кез келген күйде тербеліс үздіксіздігіне кепілдік береді.

Lady-Datejust Lady-Datejust

Өте дәл хронометр сертификациясы

Барлық Rolex сағаттары тәрізді, Lady-Datejust өте дәл хронометр сертификациясынан өткен. Бұл бірегей мәртебе бренд шеберханаларында жасалған сағаттар Rolex компаниясы арнайы әзірлеген критерийлер негізінде өз зертханаларында өткізетін сынақтар кешенінен сәтті өткенін растайды. Superlative Chronometer мәртебесінің символы жасыл мөрді білдіреді, ол Rolex-тің әр сағатына қосылады және халықаралық бесжылдық кепілдіктікпен бірге жүреді.

Lady Datejust

Модельді таңдауы

Іздеуді жалғастырыңыз