menu

Menu

Air-King Air-King

Oyster Perpetual

Rolex Air-King
Аспанға жеткізу

Oyster Perpetual Air-King түпнұсқа Oyster моделінің авиациялық мұрасын мадақтайды. Аспан шытырман оқиғаның, зерттеудің және жаңашыл жетістіктің жаңа шекарасы әрі жаңа идеалдар үшін тұғыр болатын адамдарға құрмет көрсетеді. Air-King сағаты 1930 жылдардағы авиацияның алтын дәуірінде Rolex пен ұшу арасындағы артықшылықты қарым-қатынасты білдіреді. Ол сол дәуірдің үшқыштарына және аспанды бағындыруда алғашқы Oyster сағаттарының рөліне құрмет көрсетеді.

Бұл Youtube бейнесін көрсету үшін сіздің келісіміңіз қажет

Қабылдау

 

1930 жылдар әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамасындағы керемет прогрестің кезеңі болды және ұзақ қашықтыққа ұшу енгізілді. Бірнеше ұшқыш Oyster сағатын тағып рекорд орнатты. Басқалары Rolex сағатын борт хронометрі ретінде пайдаланды, мысалы, Оуэн Кэткарт-Джонс және Кен Уоллер 1934 жылы De Havilland Comet қос қозғалтқышты әуе лайнерімен рекордтық уақытта Лондоннан (Ұлыбритания) Мельбурнға (Австралия) барып қайту сапарын жасады.

Air-King Air-King

Бірегей эстетика

Air-King моделінің көрнекті ерекшелігі - 3, 6 және 9 деген ірі цифрлары бар қара циферблат және ұшу кезінде уақытты анықтау үшін ыңғайлы анық минуттық таңба. Rolex символикалық тәжі циферблатта сары түспен көрсетіледі, ал секунд тілі мен «Rolex» атауы брендке тән түсті қайталайтын жасыл түсте беріледі. Сағат 1958 жылы қолданысқа енгізілгеннен бері модельдің «Air-King» деп жазылған жазуы оны оңай анықтауға мүмкіндік береді.

 

Air-King моделі Chromalight дисплейінің арқасында барлық жағдайларда керемет оқылу мүмкіндігін ұсынады: 3, 6 және 9 сандары, 12-ні көрсететін үшбұрыш сағат таңбасы мен тілдері ұзақ уақытқа жететін қарқынды жарық шығаратын люминесцентті материалмен толтырылған немесе қапталған.

Air-King Air-King

Сенімділік және өнімділік

Беріктік пен сенімділіктің үлгісі Air-King моделінің 40 мм Oyster корпусы 100 метр (330 фут) тереңдікке дейін судың өтпеуіне кепілдік береді. Ортаңғы корпусы коррозияға төзімді қорытпа — Oystersteel тұтас блогынан жасалған.

 

Air-King сағаты Oystersteel болатынан жасалған үшқатарлы түйіннен тұратын Oyster білезігімен жабдықталған. Бұл білезік Rolex дайындап жасаған, әрі кездейсоқта ашылып қалмайтын патенттелген Oysterlock қауіпсіздік түймелігімен жабдықталған. Сонымен қатар, ол пайдаланушыға білезік ұзындығын 5 мм дейін реттеуге мүмкіндік беретін Easylink жайлы ұзарту түйінімен жабдықталған.

Air-King Air-King

Perpetual 3230 калибрі

Air-King толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған автоматты жүргізу тетігі бар жаңа буын механизмі - 3230 калибрімен жабдықталған. Ол дәлдік, қуат қоры, ыңғайлылық және сенімділік тұрғысынан керемет жұмыс өнімділігін ұсынады. Сонымен қатар, бұл механизм эксклюзивті көк Parachrom парамагнитті шиыршығымен жабдықталған және патенттелген Chronergy түсіру механизмінен тұрады. Оның қуат қоры шамамен 70 сағатқа дейін жетеді.

Air-King Air-King

Өте дәл хронометр сертификациясы

Барлық Rolex сағаттары тәрізді, Air-King өте дәл хронометр сертификациясынан өткен. Бұл белгі брендтің шеберханаларынан шыққан барлық сағаттардың Rolex өз зертханаларында өз өлшемдеріне сәйкес жүргізілген бірқатар сынақтардан сәтті өткенін растайды. Superlative Chronometer мәртебесінің символы жасыл мөрді білдіреді, ол Rolex-тің әр сағатына қосылады және халықаралық бесжылдық кепілдіктікпен бірге жүреді.

Air-King

Модельді таңдауы

Іздеуді жалғастырыңыз