Oyster Perpetual
Rolex Yacht-Master
Теңіз жазығының сағаты
Oyster Perpetual Yacht-Master сағаты, теңіз сағатының символы, Rolex пен 1950 жылдардан басталатын желкенді спорт әлемі арасындағы артықшылықты байланысты бейнелейді.
-
Rolex
Yacht-Master 42
Oyster, 42 мм, сары алтын
-
Rolex
Yacht-Master 42
Oyster, 42 мм, RLX титаны
-
Rolex
Yacht-Master 40
Oyster, 40 мм, Everose алтыны
-
Rolex
Yacht-Master 42
Oyster, 42 мм, ақ алтын
-
Rolex
Yacht-Master 40
Oyster, 40 мм, Oystersteel және платина
-
Rolex
Yacht-Master 37
Oyster, 37 мм, Oystersteel және Everose алтыны
Бұл кәсіби санаттағы сағаттар функционалдық пен теңіз стилінің тамаша үйлесімін қамтамасыз етеді, оны суда да, одан тыс жерде де қолдану бірдей ыңғайлы.
Бірден танылатын безель
қара Cerachrom тегерігі жоғары технологиялық керамикадан жасалған. Өңделген шығыңқы ойық таңбалар мен сандар күңгірт фонда керемет ерекшеленеді. Бұл ерекше және функционалдық безель – иесіне екі қалтқы арасындағы жүзу уақытын есептеуге мүмкіндік беруі де осы сағаттың көрнекі ерекшелігінде маңызды рөл атқарады.
Эксклюзивті материалдар
Берік, дәл және мүлдем су өткізбейтін Yacht-Master бірнеше (37, 40 және 42 мм) диаметрде ұсынылатын Rolex кәсіби сағаттарының бірден-бір түрі. Yacht-Master 37 және Yacht-Master 40 бағалы металдан жасалған безельмен Rolesium нұсқасында (Oystersteel және платинаны біріктіріп) және Everose Rolesor нұсқасында (Oystersteel және Everose алтынын біріктіріп) қолжетімді және Oyster білезігімен жабдықталған. Сонымен қатар, екі модель де 18-караттық Everose алтынынан жасалған, қара керамикадағы Cerachrom безелінің тегерігімен ерекшеленеді және Oysterflex білезігін ұсынады.
Yacht-Master 42 моделі Oysterflex білезігімен 18-караттық сары немесе ақ алтыннан жасалған және Oyster білезігімен коррозияға жоғары төзімділік қасиеттері және механикалық аса беріктігімен ерекше жеңіл қорытпа RLX титанында қолжетімді.
Chromalight дисплейі
Yacht-Master моделі Chromalight дисплейінің арқасында барлық жағдайларда керемет оқылу мүмкіндігін ұсынады: үлкен сағат таңбалар мен кең тілдер ұзақ уақытқа жететін қарқынды жарық шығаратын люминесцентті материалмен толтырылған немесе қапталған.
2236 калибрі және 3235 калибрі
Yacht-Master модельдері толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған автоматты жүргізу механизмі - 2236 калибрі (Yacht-Master 37) немесе 3235 калибрімен (Yacht-Master 40 және Yacht-Master 42) жабдықталған. Олар дәлдік, қуат қоры, ыңғайлылық және сенімділік тұрғысынан керемет жұмыс өнімділігін ұсынады. 2236 калибрінің қуат қоры шамамен 55 сағатқа дейін және 3235 калибрінің қуат қоры шамамен 70 сағатқа дейін жетеді.
Superlative Chronometer сертификаттау
Yacht-Master сағатында Superlative Chronometer сертификациясы бар. Бұл эксклюзивті таңба Rolex шеберханаларынан шығатын әр сағатта бар және білектегі керемет сипаттамаларына кепілдік береді. Бұл компания сертификациясын халықаралық деңгейде танылған, тәуелсіз швейцариялық ұйымдар қатаң бақылайды.
Superlative Chronometer мәртебесінің символы жасыл мөрді білдіреді, ол Rolex-тің әр сағатына қосылады және халықаралық бесжылдық кепілдікпен бірге жүреді.