menu

Menu

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

Rolex Explorer II
Зерттеушілер сағаты

Oyster Perpetual Explorer II — әлемнің ең алыс түкпірлеріне, экстремалды жағдайда жиі саяхаттайтындар үшін мінсіз сағат.

 

24 сағатты көрсететін дисплейінің арқасында, ол күндізгі және түнгі уақытты анық ажыратуға мүмкіндік береді.

Бұл Youtube бейнесін көрсету үшін сіздің келісіміңіз қажет

Қабылдау

Тау шыңдары, мұхиттар, жанартаулар және поляр аймақтары сияқты орталар Rolex үшін әрқашан тәжірибе алаңы болды.

Oyster Perpetual сағаттарын көптеген Гималай экспедицияларына тақты, соның ішінде сэр Эдмунд Хиллари мен Тензинг Норгай Шерпа 1953 жылы 29 мамырда Эверест шыңына шыққан алғашқы альпинистердің құрамында болды және оларды жер шарының алыс түкпірлеріне, шөлдерге, полюстерге немесе Жердің тереңіне саяхаттаған зерттеушілер де тағып жүрді. Мұндай қатал және таныс емес ортада күн мен түнді ажырату мүмкін емес болуы мүмкін. Күндіз қараңғыда жұмыс істейтін спелеологтар үшін немесе күндізгі немесе түнгі уақыты ғана бар полярлық экспедициялар үшін 24-сағаттық дисплей Explorer II құрылғысының маңызды бөлшегі болып саналады.

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

Экспедиция үшін жасалған

Explorer сағаттары тәрізді, 1971 жылы шығарылған Explorer II моделі Rolex пен зерттеу жұмыстарын байланыстыратын ерекше байланысты білдіреді. Explorer II қосымша қызғылт-сары дисплеймен, яғни күндізгі уақытты түнгі уақыттан ажыратуға мүмкіндік беретін 24-сағаттық нақыштамаға бекітілген безельмен жабдықталған. Бұл сағат күн мен түнді ажыратуға қиын үңгірлерде немесе поляр аймағында немесе жылдың арнайы мезгілінде екінші уақыт белдеуінде уақытты анықтауға қолайлы.

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

Oyster білезігі

Explorer II сағаты Oystersteel болатынан жасалған үшқатарлы түйіннен тұратын Oyster білезігімен жабдықталған. Бұл білезік дизайнын Rolex әзірлеген кездейсоқта ашылып қалмайтын Oysterlock қауіпсіздік түймелігімен жабдықталған. Ол бренд жасаған әрі пайдаланушыға білезік ұзындығын 5 мм дейін реттеуге мүмкіндік беретін Easylink жайлы ұзарту түйінімен жабдықталған.

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

Chromalight дисплейі

Explorer II сағаты кез келген жағдайда өте оңай оқылады. Қарапайым жоғары контрастты циферблат Chromalight дисплейінің арқасында қараңғыда оңай көрінеді; сағат белгілері мен тілдері ұзақ уақыт бойы көк түс беретін люминесцентті материалмен толтырылған немесе қапталған.

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

3285 калибрі

Explorer II моделі толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған автоматты жүргізу тетігі бар жаңа буын механизмі – 3285 калибрімен жабдықталған. Технологияның үздік көрсетілімі, бұл механизм бірнеше патентке ие. Ол әсіресе дәлдік, қуат қоры, ыңғайлылық және сенімділік тұрғысынан керемет жұмыс өнімділігін ұсынады.

Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE

Superlative Chronometer сертификаттау

Explorer II сағатында Superlative Chronometer сертификациясы бар. Бұл эксклюзивті таңба Rolex шеберханаларынан шығатын әр сағатта бар және білектегі керемет сипаттамаларына кепілдік береді. Бұл компания сертификациясын халықаралық деңгейде танылған, тәуелсіз швейцариялық ұйымдар қатаң бақылайды.

 

Superlative Chronometer мәртебесінің символы жасыл мөрді білдіреді, ол Rolex-тің әр сағатына қосылады және халықаралық бесжылдық кепілдікпен бірге жүреді.

Іздеуді жалғастырыңыз